Адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады - «Бірлік» партиясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады. Бұл туралы бүгін Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын еліміздегі алты саяси партия өкілдері арасындағы телесайыс барысында «Бірлік» партиясының мүшесі Роза Қуанышева мәлім етті.

Еліміздегі экологиялық мәселелерге мән беру керек екеніне тоқталған ол: «Бізді алаңдатып отырған елеулі проблемалардың бірі су ресурстарының тапшылығына байланысты. Әрбір қазақстандық өздеріне «экономикалық қуатты, экологиялық жайлы елде тұру үшін не істеу керек?» деген сауал қоюға шақырамыз. Осы сұрақ барша тұрғындарды алаңдатуы тиіс. «Бірлік» партиясы осыған қатысты жауапты біледі»,-деді.

Бұл ретте Роза Қуанышева адал әрекеттер, істер мен ниеттер, таза қоршаған орта еліміздің жаһандық әлемдегі лайықты орнын айқындайтынын атап өтті.

«Бүгінде дамыған мемлекет - ол «жасыл экономикасы» бар ел болып табылады. Осы тұрғыда адамдардың әл-ауқаты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалу есебінен айқындалады. «Жасыл экономика» дамуды ынталандырып, тұрақтылыққа жағдай жасайды, экономикалық әлеуетті арттырады және жаңа жұмыс орындарын құрады. Біз экономикалық рельстерімізді бұрып, «жасыл экономикаға» қарай жүруіміз керек», - деді ол.

Оның айтуынша, партия таңдаған бағыт болашақтағы экологиялық апаттардың алдын алуға негізделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар