Адамдардың дәстүрлі конфессиялардан кеткісі келмей қалатындай жағдай жасау қажет - Қайрат Лама Шариф

«Өзінің ұлттық дербестігін енді ғана қалыптастырып келе жатқан жас мемлекеттегі дін бостандығы туралы айтқан кезде, прозелитизм яғни адамдардың өзінің тарихи әрі дәстүрлі дінінен мүлде басқа ағымдағы сенім-нанымға өтіп кетуі сияқты маңызды мәселеге тоқталмау мүмкін емес. Кейбір адамдардың түрлі дәстүрлі емес концессияларға өтуі, тіпті олар ресми мойындалған болса да, жалпы қоғамның наразылығын туғызатыны жасырын емес. Осы жерде ұлттың рухани бірлігі маңызды ма, әлде индивидтің таңдау құқығы маңызды ма деген дилемма туады?», деді Қ. Лама Шариф.
«Сондықтан, - деді ол, - бұл мәселеде бір отандық сарапшының мысалына жүгінгім келеді. Оның айтуынша, бір білімді, білікті, желкілдеген жас жігіт шетелде тұрақты тұруға құжаттарын тапсыруда делік. Бұл ел үшін бір адамын жоғалту ма? Иә, солай. Алайда бұлай жасауға оның құқығы бар ма? Әрине, бар, өйткені адамның өзі қалаған елінде тұру құқығын ешкім шектей алмайды.
Ал егер мыңдаған жастар дәл осылай жасаса ше? Олардың әрқайсысының таңдау құқығы бар ғой. Алайда бұл жағдайда мемлекет қол қусырып қарап отыра алмайды. Бірақ мемлекет олардың шетелге кетуіне тыйым сала ала ма? Әрине, олай да істей алмайды! Сондықтан жаңағы жастардың өз елінен кеткілері келмей қалатындай жағдай тудыру керек. Сонда адамдардың құқығы да тапталмайды, мемлекеттің мүддесі де орындалады».
Ведосмтво басшысы осы мәселеде мемлекеттің ірі-ірі дәстүрлі концессиялардың рөлін жете түсінуі қажет екенін баса айтты.
«Мен бұл жерде жастар туралы жайдан-жай айтып тұрған жоқпын. Дәл осы жастарымыз көбінесе дәстүрлі емес ағымдардың жетегінде кетіп қалып жатады. Бұдан түйеріміз, бір ұрпақ ауысқан кезде еліміздің діни ахуалы адам танымастай өзгереді деген сөз. Сол өзгерістердің Қазақстанның мүддесіне емес, керісінше біздің табиғи байлығымызға көз салып отырған басқа елдердің оң жамбасына келетіні де жасырын емес», - деп атап өтті Қ. Лама Шариф.