Адамгершілігі бар робот құрастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Honda» компаниясы шығарған «Asimo» роботының соңғы моделі өзінің адамгершілігімен көрермендерді тәнті етті.
None
None

Жақында таныстырылған бұл машина өзінің мүмкіндіктері жағынан адамға барынша ұқсатып жасалған және өзінің бәсекелестерінің алдына шығып отыр.

Робот ептілігімен таңдандырады, оның жүгіру, билеу, сатыны пайдалану секілді іс-қимылдары жетілдірілген. Сондай-ақ бұдан да басқа күрделі тапсырмаларды орындауға қауқарлы. Мәселен, бармен немесе даяшы қызметін емін-еркін атқара алады.

Бұған қоса, робот адам тілін түсінумен қатар, қарапайым тілде әңгімелесуге қабілетті көрінеді.

«Asimo» машинасын құрастыру 14 жыл бойы жүргізіліп келеді және алғашқы модельдермен салыстырғанда, мамандардың жұмысында едәуір ілгерілеушілік бар.

Инженерлердің пайымынша, осы тектес роботтар үй ішіндегі көптеген жұмыстарды атқарып, қарттар үшін таптырмайтын көмекші болар еді, деп жазады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар
Референдум