Адаммен сөйлескенде әңгіме тақырыбына орай бет әлпетін өзгертетін робот жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Hanson Robotics компаниясы SXSW шарасы барысында София есімді роботты таныстырды. Журналистер оны «тесіп жіберердей көз қарасынан» сескенген журналистер бір күндері бұл «адамзатты жойып жібереді» деп баға берді. Софияның бет пішімі сөйлеген кезде адамдардікіндей құбылады. Қарсысындағының көзіне тура қарайды, басын изейді, адамға тән басқа да қимылдар жасайды.
Софияның бет әлпеті мен мойыны теріге ұқсас материалдан жасалған. Character Engine AI бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен айтылған тақырыпты түсініп, әңгіме-дүкен құра алады. Көзінде жанындағы адамды тануға арналған камера орнатылған. Компанияда роботтар келешекте тақырыптық ойын-сауық саябақтарының бөлігіне айналып, түрлі психикалық, эмоциялық ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетеді деп санайды.
«Роботты медициналық қажеттілік, терапия, білім беру, қызмет көрсету мақсатында әзірлейміз», деді Hanson Robotics компаниясы құрушы Дэвид Хансон.