Адасып кеткен баланы шекарашылар тапты - БҚО

ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029-әскери бөлімінің командирі, подполковник С.Шұбаевтың мәлімдеуінше, оқушы екенін көргеннен кейін шекарашылар одан «Қайда бара жатырсың?» деп сұрағанда, «Базарға бара жатырмын» деген жауап алады. Шекара заставасына жеткізгеннен кейін сержант Нариман Құсайынов баладан сыр тарту арқылы оның Орал қаласының тұрғыны екендігін, ақыл-есі кемдеу болғандықтан, оныншы сыныпты үйден оқитындығын сұрап біледі. Базарға барамын деп, бір күн бұрын кешкісін шығып кеткен бала тәулік жарым бойы нәр татпаған. Жоғалып кеткен ұлы жөнінде ішкі істер органдарына хабарлап, не істерін білмей отырған ата-ана ұлының дерегін шекарашылардан естіп, қатты қуанды. Сөйтіп олар Зеленов ауданы Погодаев ауылында орналасқан шекара заставасына барып, шекарашыларға алғысын айтып, баласын алып, үйлеріне оралды.