Әдеби туындыларды шет тілдеріне аударатын орталық керек – Ұлықбек Есдәулет

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет елімізде көркем аударма орталығын құру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазақ шығармаларын шет тілдеріне аудару және оны шет елдерге шығуы мәселесі тұралап тұр. Біздің әдебиетіміз әлемдік деңгейдегі әдебиеттерден кем емес. Тек оны аударып, шетелге жеткізуге күшіміз жетпей отыр. Мысалы, Ресей аударма институтын құрды. Ал Өзбекстан Өзбек тілі мен әдебиеті институтында аударма факультетін ашып, жастарды оқытып жатыр. Осындай әдебиет институты Қытайда бар. Сауд Арабиясында Әдебиет және аударма деген комитет бар. Сондықтан бізге көркем аударма алқасы немесе көркем аударма орталығы сияқты ұйым құру керек. Бұл министрліктің қолға алатын дүниесі», - деп ұсыныс білдірді Ұлықбек Есдәулет министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Бұған қатысты пікір білдірген Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов алдағы уақытта бұл бастама ведомство тарапынан ескерілетінін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар