Әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері белгілі болды - Елбасы Жарлығы
туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. ***
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ETEMІH:
1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін: 1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін; 2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін; 3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін; 4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін; 5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін. 2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2014 жылғы 9 желтоқсан
№975