Ademi жеке концерт өткізуге дайындық үстінде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жаңа толқын» байқауының күміс жүлдегері Ademi өзінің туған жері - Ақтау қаласында үлкен жеке концертін өткізбекші.

Орындаушының айтуынша, оның вокалдық мүмкіндіктерін де алғаш аңғарған осы жердің оқытушылары.

«Жеке концертімді беретін күн де туды. Ол Ақтауда өтеді. Себеб бұл менің туған қалам. Сосын... көреміз, уақыт өзі көрсетеді», - деді әнші.

Қазақстандық эстрада жұлдызы көрермендерге өз орындауындағы әндермен қоса, оның қалыптасу тарихымен де бөлісуді жоспарлаған, концертін өзі жүргізбек.

Алматы мен Астанада концерт өткізуге қатысты сұраққа әнші әзірге мұндай қадамға әзір емес екендігін айтты.

«Алматы мен Астанада концерт беру үшін маған әлі уақыт керек, әнші ретінде. Халықтың тануы қажет», деп атап өтті Әдемі Muzzone арнасына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар
telegram