Әділбек Жақсыбеков: Қазақстан қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Тараптар әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Аталған саладағы екіжақты қарым-қатынасты реттеуші және оның дамуына ықпал ететін маңызды орган ретінде әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі екі елдің кіші комиссиясы жұмысының қарқынына оң баға берді.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі Беларусь қорғаныс өнеркәсібі кешендерімен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Біз ел аумағында бірлескен кәсіпорындар салуға мүдделіміз, - деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков.
Кездесуде Қазақстан Қарулы Күштерінің ұшақтарына Беларусь кәсіпорындарында, сондай-ақ Астанада салынатын авиациялық-техникалық орталықта техникалық қызмет көрсету бойынша ынтымақтастықты, екіжақты әскери-техникалық іс-қимылдарды белсендіру мәселелері талқыланды.