18:52, 19 Мамыр 2009 | GMT +5
Әділет департаментінің қызметкері 190 мың теңге пара алу кезінде қолға түсті
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық әділет департаменті интеллектуалды меншік құқын қорғау бөлімінің бастығы П. есімді азамат 190 мың теңге пара алу кезінде қолға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Департамент қызметкерлері жедел-іздестіру іс шарасы барысында П. есімді лауазымды қызметкердің С.деген кәсіпкерге әкімшілік істі тоқтатуға қолқабыс көрсетуге ниеттенгендігін анықтаған. Лауазым иесі базарда аудио және бейне таспаларды сатумен айналысатын кәсіпкерді заңсыз әркетінен құтқару қызметін өтемақымен бағалаған. Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК-сінің 311-ші бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Жалпы жыл басынан бері осындай қылмыстық әрекетке қатысты 7 іс өндіріске қабылданған.