Әділет министрі Қазақстанда тіркелген Дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесті

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева Қазақстан Республикасында тіркелген Дипломатиялық миссиялар басшыларымен ресми емес жағдайда кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүздесу барысында Әділет министрі З. Балиева мәртебелі Елшілердің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық бағытында атқарып отырған еңбектеріне алғыс білдіріп, алдағы уақыттағы қызметтеріне жеміс тіледі. Сонымен бірге, кездесуде Қазақстан мен Еуропалық Одақ мемлекеттерінің құқықтық саладағы ынтымақтастығы туралы мәселелер талқыланды. Қазақстанның сыртқы саясатқа қатысты тұжырымдамасына сәйкес, еуропалық мемлекеттермен көпжақты ынтымақтастықты дамыту еліміз үшін стратегиялық мүдде тұрғысынан қарастырылады. Әңгіме барысында сондай-ақ, Қазақстанның «Еуропаға жол» бағдарламасы жайында сөз болды.
Соңғы жаңалықтар