Әділет министрі Монако Князьдігі Сот департаментінің директорын VII АЭК аясында өтетін «Антиконтрафакт» форумына қатысуға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 13 наурызда Әділет министрі Берік Имашев Монако Князьдігі Сот департаментінің директоры Филипп Нарминомен кездесті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

Ведомствоның мәліметінше, кездесуге қатысушылар құқықтық мәдениетті дамыту, құқықтық тәжірибемен алмасу және құқықтық салада елдер арасында ынтымақтастықтың неғұрлым маңызды бағыттары мәселелерін талқылады.

Министр ведомствоның басты қызметі мен Мемлекет басшысы қабылдаған негізгі стратегиялық құжаттарға сәйкес іске асырылатын міндеттерді айтты.

Кездесуді қорытындылай келе Б. Имашев Нармино мырзаны 2014 жылғы 21 мамырда VII Астана экономикалық форумының аясында өткізілетін «Антиконтрафакт» форумына қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар