Әділет министрлігі Әкімшілік сот ісін жүргізу заңнамасын жетілдірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнаманы жетілдіру тетіктерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бұл жұмыстың негізі Әділет министрлігінің әкімшілік заңнама бойынша талдамалық жұмысының қорытындысы бойынша әзірленген деректер, сондай-ақ халықаралық тәжірибе болды. Ең маңызды бағыттарға рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі санкцияны көздейтін әкімшілік жазалардың кейбір түрлерін салалық нормативтік құқықтық актілерге ауыстыру жатады. Осы бағытты іске асыру Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте көзделген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін толық іске қосуға мүмкіндік береді, осылайша неғұрлым заңды және әділ шешім қабылдау мүмкіндігін арттырады», - деп мәлім етті вице-министр.

Оның айтуынша, мұндай жүйе Германия, Латвияда және Арменияда қолданылады.

«Сонымен қатар, жекелеген жария-құқықтық институттарды азаматтық-іс жүргізу заңнамасынан шығару ұсынылады. Бұған қоса, «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу» Азаматтық процестік кодексінің 30-тарауы да жария құқықтық қатынастар саласына жатады. ал жария-құқықтық қатынастардағы заңдылықты сақтау азаматтық сот ісін жүргізудің міндеті болып табылмайды (Азаматтық процестік кодексінің 4-бабы). Осыған байланысты, осы санаттағы істерді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне көшіру орынды деп санаймыз.

Қосымша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес осы нормативтік құқықтық актіні немесе оның бір бөлігінің күші жойылды деп тануға әкеп соғады. Сондай-ақ, Конституциялық Сот және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың шағымдарды қараудың процедуралық сипатында айырмашылықтары бар. Жоғарыда келтірілген ақпаратты ескере отырып, соттылықты анықтауда қиындықтардың туындауы минималды болады деп санаймыз», - деді Алма Мұқанова

Еске сала кетейік, бұған дейін ол мемлекеттік орган мен азаматтар арасында дауларда ведомстволар жиі жеңіліп жатқанын мәлмдеп еді.


Соңғы жаңалықтар