Әділет министрлігі Астана күніне арнап шағын футболдан турнир өткізуде

Бұл шара Елорда күніне арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының өкілі Вадим Шрейдердің айтуынша, аталмыш мәдени-бұқаралық шара «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілуде.
Жарысқа қылмыстық-атқару жүйесі облыстық басқармасының қызметкерлерімен қоса, комитеттің Павлодар заң колледжінің, жылжымайтыр мүлік және халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «Еңбек-Павлодар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының командалары, «Жас Отан» жастар қанатының және облыстық әділет департаментінің командалары қатысады.
Бұл турнир дәстүрге айналып отыр, дейді В.Шрейдер. Мысалы өткен жылғы осындай жарыс Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылды. Ол жолы табанды күресте пенитенциярлық жүйе қызметкерлерінің командасы «Жас Отан» командасынан жеңісті тартып алған болатын.