Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ата заң күнін» өткізді

қараша. ҚазАқпарат. Әділет министрлігі 2011 жылдың 28 қарашасында 20 жұлдызды күн - «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ата заң күнін» өткізді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
None
None

Аталған іс-шараның мақсаты - Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің тірегі ретінде Басты заңның тарихи мәнін түсіндіру.

«Ата заң күнін» мерекелеу қарсаңында «Казахстанская правда» республикалық газетінде Әділет министрі Р. Түсіпбековтің «Демократия және заңдылық ажырамас ұғым» атты мақаласы жарияланды. Мақалада ел дамуының жиырма жылдығын қорытындылауға басты көңіл бөлінеді. Өз сөзінде Әділет министрі «Құқықтың басты орын алуы, Конституцияның жоғары тұруы, заңның, әсіресе, тиімді заңның билігі - бүгінде Қазақстанның қарқынды дамуының және оның әлемде мәртебелі ел ретінде көрінуінің ең басты мәселесі», - деп атап өтеді.

Осы күні республика бойынша «Әділет кеңес береді» кезекті акциясы өтуде. Акция барысында барлық азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, қолданыстағы заңнамалардың нормалары түсіндірілді және құқықтық көмек көрсетілді.

Іс-шараның аясында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттерінде әділет органдарының ардагерлерімен салтанатты кездесу өткізілді, оларға әділет органдарының дамуына сүбелі үлес қосқандары үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар