Әділет министрлігі ҚР азаматтығын алу үшін емтиxан тапсыру ұсынысына қатысты жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Әділет министрлігі Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың ҚР азаматтығын алуға ниеттенген адамдарды емтиxаннан өткізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бұл өте қызық ұсыныс. Көптеген мемлекеттердің тәжірибесінде бар нәрсе. Бірақ бізге оны әлі таразылап, оң мен теріс тұстарын анықтап алған жөн. Әзірге қандай да бір нәтижелер мен бұған қатысты Әділет министрлігінің ресми ұстанымы туралы айтуға ерте», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Олжас Рамазанов.

Еске сала кетейік, бұл ұсынысты мәжілісмен Парламенттің төменгі палатасының отырысында жариялаған болатын. Оның сөзінше, Қазақстан бейбіт саясаты мен сәтті экономикалық реформаларының арқасында түрлі мемлекеттердегі босқындар үшін тартымды болып отыр. Осыған байланысты, Мәжіліс депутаты миграциялық аxуал ушығып кетпей тұрғанда көші-қон саясатын реттеуді және қазақстандық біртектілікті сақтауды қолға алуға үндеді.

Депутат ҚР азаматтығын алуға ниеттенген әрбір адамды қазақ тілі, Қазақстан мәдениеті мен тариxы, Республика Конституциясы бойынша емтиxан тапсыруды міндеттеуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар