13:19, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Әділет министрлігінде Үкімет басшысының қатысуымен ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Қаңтардың 16-сы күні Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

Алқа мәжілісінде Әділет министрі Рашид Түсіпбеков «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2009 жылдағы қызметі және 2010 жылға қойылған мақсаттары» бойынша баяндама жасайды.