Әділет органдары «нұротандықтармен» бірлесіп қоғамдық қабылдаулар жүргізді - БҚО

Облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары Галина Имашева, департамент мамандары Клара Әубәкірова, Лунара Исқақова «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қабылдау бөлмесіне келіп, тұрғындардың өтініш-тілектеріне көңіл бөлді. Олардың алдына келген он сегіз тұрғынның көпшілігі су тасқыны салдарынан үйсіз-күйсіз қалғанына шағынса, қалғандары тұрғын үй, жер теліміне қатысты талаптарымен келген. Олардың қай-қайсына да құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес берілді.
Жалпы, бұл шараның мақсаты - тұрғындарға білікті құқықтық көмек көрсету. Осыған орай құқықтық ақпаратты насихаттау тобы құрылып, оған әділет департаменті, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, қылмыстық жазалауды орындау жүйесі департаменті, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, сот сараптамасы орталығы, облыстық адвокаттар алқасы және нотариаттық палатаның мамандары қатысып, кеңес береді.