«Әділет» ұйымы 1 млрд. теңге көлемінде 100 мыңнан астам тұтынушының құқын қорғады

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімдігінде «Әділет» тұтынушылар құқын қорғау қоғамдық бірлестігінің 20 жылдығына орай халықаралық конференция өтті.
None
None

«Әділет» ұйымы егемен Қазақстанда халықтың құқықтық сауатын жоғарылату ісіне белсене араласқан алғашқы қоғамдық  қозғалыстардың бірі.

 «20 жыл ішінде біз Астана қаласында 100 мыңнан астам тұтынушының құқықтарын қорғадық. Мерзімі өтіп кеткен тауарлар, сапасыз көрсетілген қызметтер, жөнсіз жоғарылатылған коммуналдық төлемдер бойынша 1 миллиард теңге қаржы иелеріне қайтарылды. Ал ең бастысы, біздің ұйым елорда тұрғындарының құқықтық сауаттылығын көтеруде үлкен үлес қосты», - деп атап өтті «Әділет» тұтынушылар құқын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қабыкен Закарьянов.

 Оның атап өтуінше, тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында тұтынушылардың құқықтық зердесі төмен болды. Ал бүгінгі таңда халықтың 70 пайызы заңнаманы жақсы біледі және құқықтары бұзылған жағдайда тікелей сотқа жүгініп жатады. Қоғамның экономикалық қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілді.

 Халықаралық конференцияға қатысушылар сала-сала бойынша талқылаулар өткізіп, оның қорытындысы негізінде ҚР Үкіметіне үндеу тастамақ. Сонымен қатар «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жасау жөнінде өз ұсыныстарын жолдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар