«Әділет» жүйесі халықтың құқықтық мәдениетін көтеруді көздейді

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның 120 мың нормативтік-құқықтық актілері жинақталған «Әділет» жүйесі тегін жұмыс істейді. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Темірболат Қожамжаров мәлім етті.
None
None

Оның хабарлауынша, бүгінде www.adilet.zan.kz порталында барлық кодекстер, заңдар, жарлықтар, халықаралық келісімдер, қаулылар және тағы басқа құжаттар жинақталған. Ақпараттық жүйе күн сайын жаңартылады, яғни тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ол құжаттардың электронды нұсқасы да өзгертіледі. Заңдардың ескі үлгісі портал қорында сақталады. «Әділет» жүйесінде барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Болашақта сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасын да іске қосу жоспарда бар. Жалпы, бұл жоба халықтың құқықтық мәдениетін көтеруді көздейді», - деп атап көрсетті Т.Қожамжаров.   

Соңғы жаңалықтар