Әділғазы Бергенев Есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әділғазы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Әділғазы Бергенев 1958 жылы 15 мамырда Семей облысында дүниеге келген. Түрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған, Семей қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімі, әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 

Соңғы жаңалықтар