Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі «Дебоширфильм - Чистые грезы-XIV» фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

МАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясынан шыққан Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі Ресейде өткен Александр Башировтың «Дебоширфильм - Чистые грезы-XIV» фестивалінде «Табылған адам» арнайы жүлдесіне ие болды.
None
None

Өнер байқауы «Адамды іздеймін!» ұранымен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль барлық «ержүрек, көзі ашық, шабытты» адамдарға арналған.

Естеріңізге сала кетсек, фестивальдің ұйымдастырушысы, әрі президенті белгілі танымал актер және режиссер Александр Баширов ( «Ине», «Асса»). Аталмыш фестиваль оның «ДебоширФильмСтудия» кинокомпаниясының ұйымдастыруымен 1997 жылдан бері өткізіліп келеді.

Бұған дейін «Риэлтор» фильмі Ресейдің Анапа қаласында өткен «Киношок-2011» фестиваліне қатысып, әділқазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды және VII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысты.

Соңғы жаңалықтар