Әділет Қожанбаев Семей қаласының жаңа әкімі болып сайланды
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Семейде қаланың тарихында алғаш рет әкімнің тікелей сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды.
Аумақтық сайлау комиссиясының деректері бойынша, Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, өз қарсыластарынан сенімді түрде озып шықты.
– Сайлау барлық белгіленген рәсімді сақтай отырып, ашық және тыныш жағдайда өтті. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды, бұл азаматтардың тікелей сайлау жүйесіне деген сенімін көрсетеді, – деді Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясында.
Қалған үміткерлердің ішінде Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинады. Тағы 3,7% сайлаушы «бәріне қарсы» деген таңдауды белгілеген.
Айта кетелік 12 қазан күні Семей қаласы әкімінің сайлауы болған еді.
Әділет Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Туған жері: Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылы.
Білімі
2005 жылы — Алматы қаласы, «Тұран» университеті, мамандық «Бухгалтерлік есеп және аудит»
2012 жылы — Алматы қаласы, Тұран университеті, мамандық «Құқықтану»
2021 жыл — «Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы» жоғары білім беретін федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі, мамандық «Евроменеджмент-басшылар үшін іскерлік әкімшілендіру шебері».
Еңбек жолы
01.08.2000 — 16.04.2001 Кредиттік жұмысшы, «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалы, Семей қаласы
10.08.2001 — 29.01.2002 БЭК-офис маманы, ААҚ «БТА Ипотека», Алматы қаласы
29.01.2002 — 06.02.2004 Бөлім басшысы, «БТА Ипотека» ААҚ-ның кепілді процессингілеу және мониторингілеу бөлімі, Алматы қаласы
06.02.2004 — 05.01.2005 Басқарма бастығы, «БТА Ипотека» ААҚ-ның кредиттерді сүйемелдеу және мониторингілеу басқармасы, Алматы қаласы
05.01.2005 — 02.03.2009 Басқарма бастығы, «БТА Ипотека» ААҚ-ның кредиттік басқармасы, Алматы қаласы 02.03.2009 — 04.01.2012 басқарма бастығы, «БТА Ипотека» ААҚ-ның кредиттен кейінгі қызмет көрсету басқармасы, Алматы қаласы
04.01.2012 — 21.02.2013 Атқарушы директор, «БТА Ипотека» АҚ, Алматы қаласы
25.02.2013 — 06.03.2013 Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Темірбанк» АҚ, Алматы қаласы
06.03.2013 — 06.01.2014 Филиал директоры, «Темірбанк» АҚ-ның Семей қаласындағы филиалы, Семей қаласы 18.02.2014 — 18.02.2016 операциялық департаменттің директоры, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, Алматы қаласы
18.02.2016 — 13.02.2017 Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, Алматы қаласы
13.02.2017 — 09.06.2021 Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, Алматы қаласы
10.06.2021 — 29.04.2022 Бас директор, «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалының Қызмет көрсету фабрикасы, Алматы қаласы
07.07.2022 — 11.08.2022 Абай облысының қаржы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы, Семей қаласы
12.08.2022 — 20.10.2022 Абай облысы қаржы басқармасының басшысының м. а., Семей қаласы
20.10.2022 — 01.08.2024 Абай облысы қаржы басқармасының басшысы, Семей қаласы
05.08.2024 — қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі, Көкпекті ауылы.