Әділет министрлігі мәжбүрлеп орындату нәтижелерін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжбүрлеп орындатуды мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде цифрлық сот орындаушылар жүзеге асырады. Бұл жөнінде ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Әділет министрлігі мәжбүрлеп орындату нәтижелерін жариялады
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

– Өткен жылы аталған сот орындаушылар 15,5 триллион теңгелік 10 миллионға жуық құжатты қарады. Өндіріп алушылардың пайдасына өндірілген сома – 557,6 млрд теңге. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда, 88,6 миллиард теңгеге жоғары. Мемлекеттік кіріс ретінде 63,4 миллиард теңге өндірілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті, - деді ол.

Сонымен қатар М. Балабеков 2025 жылға қатысты басқа да статистикалық мәліметтерге тоқталды.

– Мемлекеттік сот орындаушылар мен мемлекет пайдасына 3,4 млрд теңге атқарушылық санкция өндірілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдан 30%-ға өсті. Цифрлық сот орындаушысы оңайлатылған іс жүргізу арқылы 10 млрд теңгеге жуық қаржы өндірді. Оңайлатылған өндіріс шеңберінде жеке сот орындаушысының қызметіне 25% төлем төленбейтінін ескерсек, азаматтар 2,4 млрд теңге қаражатын үнемдеді, - деді ол.

Айта кетейік бұған дейін Парламент Мәжілісінде алимент өндіріп алу жөніндегі құжат қаралатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар