Әділет министрлігіне бастамашыл топтардан партия ретінде тіркеуге 17 өтініш келіп түсті

Әділет министрі жаңадан тіркеліп жатқан партияға қатысты түсінік берді
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова 2023 жылдан бері түрлі бастамашыл топтардан партия ретінде тіркеуге неше өтініш келіп түскеннін айтты.

Бүгін Сенатта өткен баспасөз мәслихатында тілшілер вице-министрден партия ретінде тіркеуден өте алмай жатқан туралы сұрады.

«2023 жылдан бастап Әділет министрлігіне 17 өтініш келіп түсті. Бірақ олар бойынша шешім әлі қабылданбады», - деді Б. Жақселекова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Әділет министрі Азамат Есқараев жаңадан тіркеліп жатқан партия туралы айтты


«Қазір елімізде жеті партия тіркелген. Сонымен қатар Yntymaq партиясын тіркеуге қатысты Әділет министрлігі тиісті рұқсатын берді. Олар бұл бағыттағы келесі сатыға өтіп, партияны құру жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деді А.Есқараев

Соңғы жаңалықтар