Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет – сенатор

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова әділетті мемлекет құру үшін заң мен тәртіпке бағыну керектігін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Ақмарал Әлназарова
Фото: kazgazeta.kz

«Әділетті Қазақстанды құру үшін құқықтық мәдениетті дамыту қажет. Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдістерге бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс сүреді. Яғни заң толық орындалса, төрт құбыламыз түгел болмақ деді Президент»,- деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Одан бөлек, сенатор Мемлекет басшысының ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында сөйлеген сөзіне тоқталып, ондағы басымдықтарға тоқталды.

Оның пікірінше, елімізде жүзеге асып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар Қазақстанның әлемдік саяси аренадағы орнын айқындап қана қоймай, қоғамдық сананың өзгеруіне әкелуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар