Адвокаттар алқа билерді сот ісіне көптеп қатыстыруды ұсынды
Еске сала кетсек, елімізде қазіргі таңда адвокатураға қатысты заң жобасы талқыланып, ол Парламент Мәжілісіне жолданған. Жаңа заң жобасы адвокатура саласында бірқатар өзгерістерді енгізуді көздеп отыр.
«Біздің елімізде сот ісіне алқа билердің қатысуы қылмыстық құрамның бес жағдайында ғана белгіленген. Қателеспесем, жасөсіпірімдерді саудалауға қатысты істі осы қатарға жатқызуға болады. Ал ол мазмұндағы істер бізде көп кездеспейді. Демек, іс жүзінде бізде алқа билердің сот ісіне араласу жағдайы тым аз. Олардың қатысуымен жылына бар-жоғы бірнеше іс қана қаралады. Бұл өте аз. Алқа билер соты өте прогрессивті сот. Ол азаматтарға елде әділ сот орнатуға септігін тигізеді», - дейді Данияр Қанафин.
Адвокаттың айтуынша, алқа билер сотының сот ісіне араласу жағдайы қылмыстық белгілі бір түрлерімен шектеліп қалмауы керек.
«Бірнеше мәрте республикалық адвокаттар алқасымен ұсынылған ұстанымдар мынадай: барлық аса ауыр қылмыстар бойынша алқа билер сотының мүшелігін кеңейту, белгілі бір тар аяда шектеліп қалмау. Яғни, адвокатурадағы бұл қадам қылмыстық тұрғыда әділ сотты ізгілендіріп, оны дамытуға септігін тигізер еді. Жылына шамамен барлық республика бойынша алқа билер сотының қатысуымен сотта қылмыстық істер қаралады», - дейді Данияр Қанафин.
Алматыдағы адвокаттар алқасының мүшесі, белгілі бір қылмыстық іс жүргізілген кезде біреудің телефонын тыңдау немесе үйді, кеңсені тінту кезінде тергеу тобы азаматтардың жеке өміріне бас сұғатындығын айтты.
«Адамның Конституция бойынша құқығы шектеледі. Бұл жағдайда үйді тінтуге немесе телефонды тыңдауға құқық қорғау органынан тәуелсіз ведомство рұқсат беруі керек. Демократиялық-құқықтық мемлекетте мұндай рұсқатты мемлекеттің тәуелсіз тармағы ретіндегі сот береді. Сондықтан, соттардың құзіреттерінің артуы (жаңа заң жобасында - авт.) оң қадам болып табылады. Ол адам құқығының қорғалуында сенімді кепілдік бере алады. Қазіргі уақытта бұл рұқсатты біздің елде прокуратура береді. Прокуратура өзіңіз білетіндей сотта мемлекеттік айыптау жағындағы қудалау органы. Әлемдік тәжірибеде дәл осы бағыттағы әрекеттерге санкция беретін сот - таптырмас субъект болып табылатынын айтып өткім келеді», - дейді Данияр Қанафин.