Адвокатураның құқықтық мәртебесі Конституцияда алғаш рет бекітіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Конституцияның жобасында сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлім етті.
— Сегізінші «Сот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» деген келесі бөлімге сот билігіне, прокуратура органдарына, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, адвокаттарға және заң көмегін көрсететін өзге тұлғаларға қатысты ережелер енді. Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, сот төрелігінің конституциялық қағидаттары күшейтілді, судьялардың тәуелсіздігі нығайды, сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді, — деді Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституцияның жобасын таныстыру кезінде.
Сонымен қатар ол адвокатураның құқықтық мәртебесі Конституцияда алғаш рет бекітілгенін атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа Конституцияның жобасындағы үшінші «Президент» бөліміне тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралған және мүлде жаңа ережелер енді.