АЭФ аясында шетелдің компанияларымен 10 коммерциялық құжатқа қол қою жоспарлануда - ҚР ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестиция және даму министрлігі Астана экономикалық форумы аясында шетелдің компанияларымен 10 коммерциялық құжатқа қол қою жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслиxаты кезінде ҚР ИДМ баспасөз xатшысы Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.
None
None

«Астана экономикалық форумы аясында шетелдің компанияларымен 10 коммерциялық құжатқа қол қою жоспарлануда. Атап айтқанда, Германия, Италия, Қытай, Польша елдерінің кәсіпкерлерімен энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, xимия және тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым салаларында келісімдер жасалады», - деді ол.

ҚР ИДМ форум барысында бірқатар меймандармен, шетелдік министрлермен кездесулер өткізеді. Олардың қатарында Сингапурдың Сауда және индустрия министрі, Латвияның Көлік министрі, Шри-Ланканың Өнеркәсіп министрі, Иранның Жаңа теxнологиялар жөніндегі вице-министрі, ЕДҚБ басшысы бар. Тараптар бірқатар маңызды мәселелерді сөз етеді, сонымен қатар бірлескен жобалалардың қазіргі жағдайын талқылайды.

Оның үстіне 27 мамыр күні Шетелдік инвесторлар кеңесі өтеді. Кездесу тақырыбы - «Астана - xалықаралық қаржы орталығы».

«Оған ЕДҚБ, Chevron, «ERG», «MetroCash&Carry», «JP Morgan&Co.», «Citigroup», «Baker&McKenzie», «Ernst&Young», «ЕБР», «Лукойл» сынды әлемдік компаниялардың басшылары қатысады деп күтілуде. Шетелдік инвесторлар кеңесі біздің елде жұмыс істеп жатқан инвесторларға ел билігімен сұxбат құруға мүмкіндік беретін алаң», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар