АЭФ: Қазақстан 2050 жылы балама және жаңаратын энергия көздерінің жиынтық үлесін 50 пайызға жеткізеді

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан балама және жаңаратын энергия көздерін өндірудің жиынтық үлесін 2050 жылы 50 пайызға жеткізеді.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Индустриялды революция - «жасыл экономикаға» көшу» атты сессияда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Біз ауаға шығарындылар бойынша стандарттарды қазіргі еуропалық деңгейге келтіреміз және оған 2030 жылы-ақ қол жеткізу үшін шаралар әзірлеудеміз», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, Қазақстан жалпы ішкі өнімдегі энергия сыйымдылығының көлемін 2030 жылға қарай 30 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға төмендететін болады.

«Біз балама және жаңаратын энергия көздерін өндірудің жиынтық үлесін 2030 жылы 30 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға жеткіземіз», - деді Н.Қаппаров.

Соңғы жаңалықтар