АЭС құрылысы Қазақстанда тұтас индустрияны құрады – РФ Президенті
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей мен Қазақстан мұнай мен газды жеткізуден бастап, бірінші атом электр стансасының құрылысына дейінгі энергетика саласындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде тереңдетіп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған келіссөзден кейінгі брифингіде Ресей Президенті Владимир Путин мәлім етті.
Ресей Президенті «Росатом» компаниясының қатысуымен Қазақстанның алғашқы атом электр станциясының құрылысын негізгі бірлескен энергетикалық жоба ретінде сипаттады.
- Сапар барысында АЭС құрылысының параметрлері және жобаны ресейлік мемлекеттік экспорттық несие арқылы қаржыландыру туралы келісімдер бекітілді», - деді В.Путин.
Оның айтуынша, станцияның іске қосылуы Қазақстанның энергиямен қамтамасыз етілуіне айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар кәсіпорындар мен халықты қолжетімді және таза электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
- Бұл ретте жұмыс тұтас индустрияны құруға, соның ішінде білім беруді, кадрларды даярлау және басқа бағыттарда жобаларды құруға жол ашылады, - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы жақын арада 30 млрд доллардан асып түседі.