АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады

МӘСКЕУ. KAZINFORM - Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысып жатқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасы құрылысына қатысты мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

АЭС
Фото: Adobe stock

Президент сөзінде атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие екенін атап өтті.

«Қазақстан «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен бірінші атом электр стансасының құрылысына кірісті. Технологиялық әрі ғылыми тұрғыдан күрделі бұл жобаны табысты жүзеге асыру жоғары санатты кәсіби мамандарға тікелей байланысты. АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы және үш мыңнан астам орта буын маманы жұмылдырылады. Сонымен қатар бейінді мамандарға сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие,-деді ҚР Президенті.

Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған мәселені шешуде Қазақстан ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.

 -Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалының ашылуы – соның айқын дәлелі,-деді ол.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей сауда және инвестиция көлемін ұлғайта беруге тиіс екенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар