АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға жуырда шығарылады - министр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл атом электро стансасын салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін елімізде барлық объективті алғышарттар бар», - деді ол.

Сондай-ақ ол былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасақталғанын еске салды.

«2022 жылы Қытай, Корея, Ресей, Франция сияқты елдердің жеткізушілерінің тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалды. Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», - деді Болат Ақшолақов.

Еске салсақ, бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясын салу технологиясы биыл таңдалатынын айтқан еді.


Фото: storage.googleapis.com




Соңғы жаңалықтар