11:05, 28 Маусым 2024 | GMT +5
АЭС туралы референдумда қазақстандықтарға қандай сұрақ қойылуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін күзде өтеді делінген АЭС салу жөніндегі референдум туралы пікір білдірді.

«Менің ойымша референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуды қалайсыз ба, қаламайсыз ба?» деген сұрақ қойылу керек», - деді депутат.
Депутаттың ойынша ол АЭС-ті қай елдің технологиясы бойынша салу керектігін сарапшылар анықтау керек.
«Сонда қай елдің технологиясы бойынша салу керек деген сұрақ референдумда қойылмай ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі.
«Ол енді сарапшылардың жұмысы ғой», - деді Ерлан Саиров.