Афина орталығында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Афина орталығында орналасқан Апелляциялық сот ғимаратының алдында жарылыс болды, деп хабарлайды Euronews .
None
None

Оқыс оқиға түнде болған. Күзетшілер ғимараттың кіреберісіне сөмкені лақтырып, қашып кеткен екі белгісіз адамның бейнебақылау камераларына түсіп қалғандығын мәлім етті.

Апелляциялық сот ғимаратының алдында болған оқиғаны Грекия әділет министрі Ставрос Контонис «жиіркенішті қылмыс» деп бағалады. «Франс-Пресс» агенттігінің хабарына қарағанда, осы факті бойынша тергеп-тексеру лаңкестікке қарсы күрес қызметіне тапсырылған.

Соңғы жаңалықтар