Афинаның ең биік нүктесінде Қазақстан туы желбіреді

Республика күніне орай Қазақстанның көк туы Афинаның ең биік нүктесі - Ликавитос тауына көтерілді. Kazinform бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ту
Фото: ҚР СІМ

Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр биіктікте орнатылған Қазақстан туын тамашалады.

флаг
Фото: Фото: МИД РК

Гректер үшін көне де киелі жерде қазақ туының көтерілуі екі ел арасындағы достастықты білдіреді.

«Ерекше құттықтауды Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі ұйымдастырды. Оның басты мақсаты - сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар