Афиныдағы тасқын: 5 адам қаза тауып, 4-еуі із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер жауын салдарынан туындаған су тасқынынан Афины маңындағы қалаларда кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлады АР агенттігі.

Афиныдағы тасқын: 5 адам қаза тауып, 4-еуі із-түзсіз жоғалды

Тағы төрт адам із түссіз жоғалғандар қатарында.

Табиғи апат салдарынан бірнеше ғимарат қирап, көптеген жолдарды су шайып кетті. Құтқару қызметтерінің мәліметінше, оларға 300-ден астам ғимаратты су басқаны туралы хабарлама келіп түскен.