Африка футбол конфедерациясының президенті Парижде қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Африка футбол конфедерациясының (CAF) президенті Ахмад Ахмад бейсенбі күні Парижде қамауға алынды. Бұл жайлы Jeune Afrique басылымы хабарлады.

Африка футбол конфедерациясының президенті Парижде қамауға алынды

Ахмад Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) конгресіне қатысу үшін Парижге келген. 5 маусым күні жиын барысында президент қызметіне швейцарлық Джанни Инфантино қайта сайланды. Ал Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі орталық бюросының өкілдері қаржы және салықтық құқық бұзушылықтарға байланысты 59 жастағы мадагаскарлықтан жауап алуда.

Басылымның хабарлауынша, тұтқындау француздық Technical Steel компаниясымен келісімге қол қою үшін CAF-тың немістің Puma фирмасымен біржақты демеушілік келісімшарттарын бұзуымен байланысты. Африка футбол конфедерациясының бұрынғы бас хатшысы Амр Хахмидің айтуынша, «Technical Steel» компаниясымен шарт жасалуына Ахмадтың француз компаниясының басшыларымен таныстығы себеп болған.