Ағаш отырғызу ел бойынша жалғасады - Мағзұм Мырзағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік «World Сleanup Day» экологиялық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа парк аумағына ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Экология министрлігінің бастамасымен бұл жылы акция бір уақытта бүкіл өңірде өтіп жатыр. Шара аясында елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Акция кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.

«Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу тапсырмасын орындауға бағытталған бүкілхалықтық акцияның тек бастамасы. Ағаш отырғызу ел бойынша әлі жалғасын табады. Негізінен осы жерде, Елорда орталығында жаңа парк болады. Болашақта бұл ағаштар спортшыларды желден қорғайды. Азаматтар жиі келетін, демалуға ыңғайлы, әрі әдемі орынға айналады. Қоршаған ортаның жақсаруына әсерін тигізеді»,- деді шара аясында Экология, геология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Сенбілікке сонымен бірге Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.

«Бірге-Таза Қазақстан» акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде волонтерлардың, эко-белсенділердің қатысуымен өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар