Агенттік 2009 жылы стратегиялық жоспарында көрініс тапқан дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға басымдық береді

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2009 жылы Агенттіктің стратегиялық жоспарында көрініс тапқан дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға басымдық береді. Бұл туралы бүгін аталмыш ведомствоның басшысы Нұрлан Алдабергенов Агенттіктің жыл қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы шаралар аясында электр стансаларының топтары үшін электр қуатына арналған шекті тарифтерді бекітуге, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді тариф бойынша жұмыс істейтін табиғи монополиялар субьектілерінің санын 10-ға дейін ұлғайтуға назар аударылады. Сондай-ақ, шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын табиғи монополиялардың базалық субьектілерінен 15 пайызға дейін оңтайландыру, табиғи монополиялар субьектілерінің әкімшілік шығындарын қысқарту, реттелетін қызметтер тарифтерінің өзгеруінен болатын инфляциядағы үлестің болжанған шегін анықтау қарастырылып отыр. Н. Алдабергенов 2008 жылы табиғи монополиялар субьектілерінің әкімшілік шығындарының өсім көлемі байқалғанын жеткізді. «Коммуналдық салада да, навигация мен темір жол салаларында да өсім бар. ...Қазіргі жағдайда қатаң үнемдеу режіміне - әкімшілік шығындарды оңтайландыруға көшу қажет. Заңдағы жаңа, яғни, бекітілген шығындарды асыруға жол бермеу және экономикалық санкциялар туралы нормалар бұған жәрдемдесетін болады», деді ол. Н. Алдабергенов осы орайда Агенттік әкімшілік шығындарды оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар