Agenziа Nova ҚР Президенті телерадиокешенінің жаңа серіктесі болды

ТРК Президента и Agenzia Nova будут обмениваться новостным контентом
Фото: ТРК Президента

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті телерадиокешені халықаралық серіктестермен жаңалықтар контентімен алмасу саласындағы қарым-қатынасты дамытуды жалғастыруда. Италиялық Agenzia Nova ақпарат агенттігі мемлекеттік медиахолдингтің 19-шы серіктесі болды.

Бүгін ҚР Президенті телерадиокешенінің басшысы Раушан Қажыбаева мен «Agenzia Nova» ақпарат агенттігінің бас директоры Фабио Сгуилланте ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжат Kazinform және Agenzia Nova ақпарат агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

«Қазақстан Agenziа Nova мен Италия үшін әрқашан жақын ел болды. Кезінде агенттікте «Қазақстан» деген жеке айдар болған және біздің оқырмандар сіздердің республикаларыңыз туралы көптеген қызықты мәліметтер алатын еді. Бүгінгі кездесу Қазақстанмен қатар Орталық Азия аймағындағы өмір мен онда болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат таратуда жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», - деп атап өтті Ф. Сгуиланте.

«Контент алмасу саласында жетекші шетелдік БАҚ-пен әріптестік – Президент телерадиокешенінің маңызды бағыттарының бірі. Ресми тұлғалардың сапарлары мен елдеріміздегі қоғамдық-саяси оқиғаларды жариялау кезінде өзара ақпараттық қолдау көрсету Қазақстан мен Италиядағы ақпарат агенттіктерінің аудиториясын айтарлықтай кеңейтеді, сонымен қатар ақпараттық қызметтердің жұмысын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Р. Қажыбаева.

Kazinform агенттігі – Қазақстанда халықаралық мәртебеге ие болған алғашқы жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Ол 100 жылдан астам уақыт бойы қазақ, орыс, ағылшын, қытай, өзбек тілдерінде ақпарат таратып келеді. Ақпарат агенттігінің еліміздің барлық өңірлерінде өз тілшілері бар. 

Агенттіктің халықаралық желісі әлемнің 11 елінде ұсынылған. Ол тәулігіне 1000 бірлікке дейін контент шығарады.

Agenzia Nova – Балқан, Таяу Шығыс және Африка туралы ең ірі италия тіліндегі ақпарат көзі және халықаралық саясат пен экономика туралы жаңалықтарға арналған жетекші италиялық ақпарат агенттігі. Агенттіктің штаб-пәтері Римде орналасқан. Жаңалықтар жиынтығы күнделікті 500-ден астам хабарламаны қамтиды.

Соңғы жаңалықтар