«Аграрлық несие корпорациясы» диқандарға 40 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жалпы сомасы 23 млрд. теңге болатын 24 өтінішті мақұлдады,
None
None

деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Бұл қаржы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті шараларды уақытылы өткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні корпорация Ақмола, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жалпы сомасы 4 млрд. 500 млн. теңгеге қаржыландырып үлгерген.

«2013 жылы агроөнеркәсіп субъектілерін несиелеу бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын несиелеу үшін корпорация республикалық бюджет қаржысы есебінен 40 млрд. теңге бөлуді жоспарлап отыр», - делінеді таратылған баспасөз айғағында.

Былтыр осы мақсаттарға 1 млн. 500 мыңнан астам гектар алқапқа жалпы сомасы 28 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінген болатын.

Соңғы жаңалықтар