Агробанк құру мәселесін жеделдету керек - Оразалы Сәбден

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерді жалға бергенде бай, кедей деп бөлмеу керек. Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысында танымал экономист, комиссия мүшесі Оразалы Сәбден осы мәселені көтерді.
None
None

«Жерді жалға бергенде кейбір артық мәселелерге кетіп қалып жатырмыз. Бай, кедей деп бөліп қарауға тиіс емеспіз. Сосын, жерге инвестиция беретін адамдарға басымдық берейік, шетелдік емес әрине, өзіміздің азаматтарымызды айтып отырмыз. Бұл кредит пен лизингке де қатысты. Өйткені, Қазақстанның жері қазір қаражатқа зәру. Сондықтан, жерді байлар алып жатыр деп байбалам салудың қажеті шамалы»,- деді Оразалы Сәбден комиссия отырысында.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі күні Агробанк құру мәселесін жеделдету де күн тәртібінде тұр. Өйткені, сарапшының пікірінше, қазір банктер жерді алып қалуға ұмтылуда. "Өткенде де айттым, қазір де қайталаймын  агробанк құру керек. Өйткені, банкирлер қазіргі күні барлық ресурстарды қолында ұстап отыр. Олар жерді иеленіп алады да, сот арқылы ұстап отыра береді. Сол үшін агробанк құруды кешіктіруге болмайды», деді О. Сәбден.

Еске сала кетейік, Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында бүгін үш мәселе қаралуда. Олар: жалға беру институтының қалпына келуіне байланысты заңнамалық қамту мәселелері; шекара маңындағы жерді пайдалану  мәселесі; жайылым проблемасын заң арқылы реттеу. 

Соңғы жаңалықтар