Агрофирмадағы өрт салдарынан 23 мүйізді ірі қара өлді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Алматы қаласында сейсенбі күні «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ асханасы мен металл қақтайтын цехтың қосымша бөлмесінен өрт шықты.

Агрофирмадағы өрт салдарынан 23 мүйізді ірі қара өлді - ҚР ТЖМ

290 шаршы метр жерді жалын шарпыды.

Өрт екі сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 48 адамы жұмылдырылды.

Сонымен бірге, Алматы облысында кеше кешкісін Алдабергенов атындағы агрофирмада мал қамайтын ауланың шатыры мен адамдар тұруға арналған ғимарат өртенді. Тілсіз жау бүгін таңертең ғана ауыздықталды.

Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 14т адамы жұмылдырылды. 760 шаршы метр жер отқа оранды. Өрт салдарынан 23 мүйізді ірі қара өлді.