«Агромашхолдинг» Қазақстан Даму банкінің несиесі бойынша субсидиялану мүмкіндігіне ие болды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  «Агромашхолдинг» АҚ Қостанай  облысындағы ауылшаруашылық техникаға қызмет көрсететін
None
None

сервистік орталықтарды жаңғырту және кеңейту жобасы аясында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ бөлген несие бойынша 5 пайыз көлемінде сыйақы мөлшерін субсидиялауға мүмкіндік алды.  Бұл туралы аталған банктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жобаның борыштық жүгін төмендетуге бағытталған  бұл шара «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторын сауықтыру» бағытымен қарастырылып отыр. Компанияны бағдарлама арқылы субсидиялауға 2 млн.  АҚШ долларынан астам қаражат бөлінеді. Өз тарапынан Банк бағдарламаға енгізу мақсатында кәсіпорынның сауықтыру жоспарын бекіткен болатын. Сонымен қатар, несиенің бір бөлігі бойынша сыйақы мөлшерін төмендетіп, икемді төлеу кестесін  қарастырды.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда «Агромашхолдинг» АҚ сервистік орталықтары Қазақстанның 9 облысында орналасқан.  «Essil  КЗС-740» және «Essil КЗС-760» комбайындарын шығаратын компанияның отандық ауылшаруашылық техника нарығындағы үлесі 40 пайыздан асады. «Агромашхолдинг» АҚ 2003 жылы құрылған. «SsangYong», «Iveco», «Chance», «УАЗ» автокөліктерін және ауыр шаруа техникаларыны шығаратын Қазақстандағы жалғыз өндірістік кәсіпорын болып табылады. Компания Қазақстандағы ең ірі сервистік филиалдар желісін ұйымдастырған.     

Соңғы жаңалықтар