16:05, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы өңдеу жобаларын ілгерілету ? бірінші міндет болып табылады ? Маңғыстау облысы
АҚТАУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Ел Президенті Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде атап өткен басымдықтарға сәйкес, облыста ендігі атқарылар жұмыстардың негізгі бағыттары анықталды. Сондай 4 бағыт, міндеттер жайында кеше облыс активінің отырысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев айтып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бірінші міндет?агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы өңдеу жобаларын ілгерілету. Осы міндетті іске асыру арқылы біз өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Мысалға, облысымызда тиімділігін дәлелдеген жақсы тетік бар, бұл ? «Берекет» мемлекеттік сауда-саттық кәсіпорыны. Бұл жұмыс жалғастырылып, жағдайды болжау және уақыт талабына сәйкес тиімді әрекет етуге ден қою қажет. Осы жұмысты үдетуді және жеміс-көкөніс терминалының құрылысы мен астық кешенінің құрылысын іске асырып, қатаң бақылауды облыс әкімінің орынбасары Қ.Боқановқа тапсырамын», деді облыс басшысы. Ауыл шаруашылық саласындағы өңдеу жобаларының едәуір бөлігі, оларды одан әрі «ҚазАгро» Ұлттық холдингі арқылы қаржыландыру үшін конкурстық іріктеуге енгізілді. Ауыл шаруашылық басқармасы кәсіпкерлермен бірлесе отырып, олардың іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет. Бұған қоса облыс басшысы тамшылата суаруды, жылыжай шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды мал шаруашылығын және балық шаруашылығын одан ары дамыту жөнінде нақты ұсыныстарды енгізу, іске асыру қажеттігін атап өтті.