Агротехниканы жеңілдікпен несиелеу саладағы мәселені шеше ме – деректі фильмнен көріңіз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығына қажетті техника мәселесін қалай шешуге болады? Бұл туралы «Жаңа техника – жаңа мүмкіндік» деректі фильмінде айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ-қа сілтеме жасап.

Агротехниканы жеңілдікпен несиелеу саладағы мәселені шеше ме – деректі фильмнен көріңіз

Елімізде ауыл шаруашылығына жаңа техниканы лизинг арқылы жеңілдікпен беретін бағдарлама басталды. Жылдық мөлшерлемесі – 6%, бастапқы жарнасыз. Дегенмен, бұл бағдарлама проблеманы түгелдей шешпесі анық.

Ресми есепте тұрған 148 мың трактор мен 38 мың комбайнның жартысынан көбі ескірген. Биыл техника құны тағы да көтерілді. Ауыл шаруашылығына ауадай қажет мәселені шешудің жолы қандай? Бұл түйіткіл «Жаңа техника – жаңа мүмкіндік» деректі фильмінде көтерілген.

Деректі фильмді «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ YouTube-каналынан, «Almaty» телеарнасынан (30 тамыз, сағат 11:45-те), сондай-ақ «КТК» (3 қыркүйек, сағат 09:10-да), «Еуразия» арналарынан (10 қыркүйек, сағат 07:00-де) көруге болады.



Кадр из вилео/ ptrk.kz