Ағымдағы аптада РФ басшысы В. Путиннің Қазақстанға сапары күтіледі

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат -РФ басшысы Владимир Путин 28-29 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен бірге
None
None

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің (Кеден одағы мен Қазақстан, Ресей, Беларусьтың Бірыңғай экономикалық кеңістігінің жоғарғы органы) отырысына қатысу үшін Астанаға келеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Отырыс барысында интеграциялық өзара әрекеттестікті одан әрі дамыту және 2015 жылдың 1 қаңтарына қарай Еуразиялық экономикалық одақты құру мәселелеріне баса мән берілмек.

Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызметін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалардың орындалу барысын талқылайды. Сонымен қатар аталмыш интеграциялық бірлестіктердің құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісімдерді кодтау бойынша қолға алынған жұмыстарға баға берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар