Ағымдағы аптадағы Парламенттің жұмыс жоспары таныстырылды

«9 қазанда сенатор Ақан Бижанов Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің көшпелі отырысына қатысса, 11-13 қазанда ҚР Парламенті Сенатының атынан депутат Мұхтар Алтынбаев Брюссельде өтетін НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясының 59-шы жылдық сессиясына қатысады», - деді ресми өкіл.
Белгілі болғандай, 11 қазанда ҚР Парламенті қос палатасының депутаттары, Президент Әкімшілігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, әділет және ішкі істер министрліктерінің, сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қылмыстық кодекс саласындағы сарапшылардың қатысуымен «Қылмыстық құқық пен үдерістің конституциялық-құқықтық проблемалары» тақырыбына арналған конференцияда Парламент қарауына жолданған Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстердің жаңа оқылымы аясындағы өзекті мәселелер талқыланады.
9 қазанда ҚР Парламенті төменгі палатасының спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтетін Мәжілістің пленарлық отырысында «Дене шынықтыру және спорт туралы» үкіметтік заң жобасын депутаттардың қарауына қабылдау қарастырылуда.
Сонымен қатар, Мәжіліс бұрын Түркиямен, Қытаймен және Чех Республикасымен қол қойылған екіжақты құжаттардың мәтіндерін ратификациялау туралы заң жобаларын қарастыруға қабылдап алады.
-