Ағымдағы айдың соңында еліміздің тұрақтандыру қорындағы қаржы ипотекалық несие беруге бағытталды - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Осы айдың аяғында тұрақтандыру қорының қаржысы ипотекалық қаржыландыруға жіберіледі.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ағымдағы айдың соңында еліміздің тұрақтандыру қорында қарастырылған қаржы аударылып, ипотекалық несие беруге бағытталатын болады. Осыдан кейін құрылысы тоқтап қалған нысандар және жылжымайтын мүлік бойынша тұрғын-үй несиелері беріле бастайды», - деді Қ.Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар